за последние 30 дней
x
Біз Қазақстаннан Алматыдан Аир Астанамен ұшып барып, 26.07-03.08 аралығынды отбасымызбен демалдық. Негізінде Түркияда 5 жұлдызды қонақ үйге нөмер санына береді, егер 200 нөмерден көп болса автоматты 5 жұлдыз береді. Сондықтан, 5 жұлдыздың өзі түрлері көп, бірақ бұл қонақ үйді таңдасаңыз, бюджетті нұсқада болғандықтан деп ойлаймын.
Біздің турагенство Компас немесе FIT Holidays болды, аэропорт күтіп алып, аман-есен қонақ үйге жеткізді. Күтіп алған гид Оксана мен қонақ үй гиді Ақсалға рахмет, әрқашан байланыста болып көмектесті.
Қонақ үйде біз 2 нөмер алғанбыз, тек өтінішпен бізге екі жақсы нөмер бұйырды. Біреуі үлкен family room онда келіншегім, мен, қызым болдық, 3 төсек, екіншісінде бір адамдық бөлме анама. Өкініштісі екі қабатта болды, бірақ ол қатты мәселе емес. Ешқандай ақша да бермедік ресепшнге тек айттық солай берді рахмет оларға.
Қонақүй өте үлкен, нақтырақ адам көп 2000ға жуық адам, бірақ күндіз бәрі турда, жағажайда, теңізде, көп екені білінбейді, тек кешкі асқа келгенде білінеді.
Жағажай жолдың арғы бетінде, көпірмен не жерасты жолымен өтуге болады, жерасты жолы ыңғайлы. Жағажай біздікі оңаша, онысы жақсы, ол жерде бар, тамақ беретін жер, әжетқана, туалет бәрі бар, біз әртүрлі уақытта бардық, жатар орындар табылды, су керемет.
Тамақ таңдау көп, күніге мангалда кәуап, балық, тауық пісіреді + көкеніс, жеміс-жидектер болды.
Қонақүй алаңы жоқ, есік алдында тек бассейн тамақтанатын жер, бірақ қыдыратын мүмкіндік те жоқ, күн ыстық не теңіз не кондер астында.
Біз Алания мен Антальяға және Манагват, Сиде қалаларына қыдырдық, турды өз турагенстовмен алдық және жанында базардағы Қазақстандық түріктен алдық. Баға үстіне қосып, түріңізге қарап айта береді, саудаласыңыздар.
Жанында заправка бар сонда су-пу алуға болады + базарда да супермаркет бар, керек заттарыңызды картамен төлеп алсаңыз болады, каспи, халық қабылдайды.
Манагватта Нова Маллда киімдер біздегі бағадан арзан, алсаңыздар болады.
Бұл пікірді арнайылап қазақ бауырларым үшін жаздым, сұрақтар болса жазыңыздар. Алматы/ Әлібек.
автору
Спасибо !
{{? it.opinion.useful }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Спасибо !
{{? it.opinion.thanks }} Ваша отметка успешно сохранена. {{?? true }} Ваша отметка успешно удалена. {{?}}
Вы действительно хотите удалить комментарий?